Өскемен қаласындағы әскери комиссариат жанынан ақпараттық орталық ашылады

647
көрілім
Өскемен қаласындағы әскери комиссариат жанынан ақпараттық орталық ашылмақ. ШҚО Жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Елдос Чикеновтың айтуынша, бұл жерде Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған сарбаздардың ата-аналары әскери қызмет жайлы кеңінен мағлұмат ала алады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Осындай бастаманың қолға алынуына Қорғаныс Министрлігі мұрындық болып отыр. Ақпараттық орталықтар тек біздің өңірде ғана емес, еліміздің бірқатар аумақтарында ашылмақшы.

Сол жерге келген ата-ана өз баласының қалай киінетіндігі жайлы да ақпаратпен таныса алады, – дейді Елдос Чикенов. – Сондай-ақ, әскери бөлім туралы деректі фильм көрсетіліп, сарбаздардың жатар орындары, асхана мәзірі таныстырылады.

Жоспар бойынша бұл орталықтар көктемгі әскер қатарына шақыру кезінде өз жұмысын бастайтын болады. Айта кету керек, қазіргі уақытта Шығыс өңірінің бозбала жастары күзгі шақыртуға байланысты медкомиссиядан өтуде. Биыл шамамен 1200-ден астам сарбаз әскер қатарын толтырмақ.