Қалалық хайуанаттар бағындағы аңдар қатары көбеюде, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Зообақтағы аналық аюдың қасында бес айлық қонжықтар жүр. Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығының баспасөз хатшысы Алла Доценко зообақтың жаңа „тұрғындары“ қаңтар айында дүниеге келгенін айтты.
Қоса кетсек, Мишка мен Машка атты қоңыр аюлар хайуанаттар бағының ескі тұрғындары саналады. Бір қызығы, олар қыста ұйықтамайды екен.