Демалыс күндері қалалық өрт сөндірушілер көшедегі қоғамдық тамақтану орнында болған өртті сөндірді деп, хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
- Маусымның екісі күні күндізгі уақытта аталған кафенің төбесі жанып кеткен, - деп хабарлады Өскемен қаласы ТЖБ. - Жалынға оранған кафенің аумағы төрт шаршы метрді құраған.
Оқиғаның басты себебі — от жұмыстарын немесе дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.