Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы қала тұрғындарын 20 мамырда «Халық Орманы» атты акцияға атсалысуға шақырады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Акция сағат 10:00 уақытында басталады. Ағаш көшеттері Мемлекеттік рәміздер тауының етегіне отырғызылады.
– Қаланың экологиясын жақсартуға үлес қосқысы келген барлық қала тұрғындарын, жастарды ағаш отырғызу акциясына шақырамыз. Акцияға қатысушыларға басқарма тарапына сыйлыққа көшеттер беріледі, – деп хабарлайды басқарманың баспасөз қызметі.