Өскемен қаласындағы жүргізушілер автокөліктерге арналған ХҚКО алдында наразылықтарын білдірді

322
көрілім

Қала тұрғындары ұялы телефондарына арнайы ХҚКО-ға келген жүргізушілердің наразылықтарын білдіріп, ғимараттың есігін сындырғандарын түсіріп алған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Әлеуметтік желіде бір топ адамның ғимаратқа баса көктеп кірген видеосы тарап кетті.
– Арнайы ХҚКО 9:00-де жұмысын бастаса да тұрғындар 7:00-ден келіп кезекке тұруда. 8 тамыз күні, яғни бүгін жұмыс уақыты басталмай тұрып жүргізушілер есікті бұзуға кіріскен, – деп мәлімдеді ШҚО Мемлекеттік қызмет департаментінің басшысы Ерхат Жалелов.
Оның айтуынша, адамдар шыдамдылық танытқандары жөн. Тамыз айынан бастап Қазақстан және Мызы көшелері қиылысында осындай тағы екі терезе жүргізушілерге қызмет көрсетуде.
Бұған қоса, қыркүйектегі мәслихат сессиясында көлік жүргізушілеріне қызмет ететін арнайы ғимараттың құрылысына байланысты тақырып талқыға салынады.
Ескерте кетейік, көлік құжаттарын тіркеуге байланысты  мұндай жағдай облыс орталығында бірінші рет емес.