Өскемен қаласының әкімдігі жолаушыларға арналған жеңілдіктердің сақталуын бұйыруда

388
көрілім

Қала әкімдігі екі көлік тасымал компанияларына оқушыларға арналған жеңілдіктерді қайтармаса бір айдың ішінде келісімшартты үзетіндігін ескертті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


– Автобустардағы 7 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға арналған жеңілдіктерді алып тастау заңбұзушылық деп саналады, – деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі. – Балаларға арналған 50 процент жеңілдік ҚР-ның «Көлік туралы» заңында қарастырылған. Өз кезегінде бұл тасымалдаушы компания тарапынан заңнаманы бұзу болып есептеліп, келісімшарттың үзілу қаупін тудырады. "Vosca" ЖШС және "АТЦ BEST" ЖШС басшылығына ТҮКШ бөлімінен ескерту хабарламасы жіберілген.
Осы айдың ішінде автобустағы жеңілдіктер мәселесі шешілуі қажет.