Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаевтың бастамасымен қалалық әкімдік қала тұрғындарымен байланыс орнату үшін WhatsApp арқылы байланыс орнатуды жолға қойып отыр, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Өскемен қаласының билігі қала халқы үшін өзекті мәселелерді шұғыл шешу үшін аталған жобаны қолға алған. Әкімдіктің WhatsApp нөмірі +77057784538. Барлық сұрақтар жауапты ведомстволарға жолданып тұратын болады. Ал маңызды сұрақтарға қала әкім Қуат Тұмабаевтың өзі жауап бермек.