Облыс орталығының әкімі Ерлан Аймұқашев бүгін орынтағын босататынын жария етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.
Ерлан Қапарұлы мұндай шешімге отбасылық жағдай себеп болғанын түсіндірген. Қала басшысының әкесі сырқаттанып қалғандықтан, әкім жауапты қызметпен қош айтысып, әкесімен бірге болуды шешсе керек. Облыс орталығының әкімі өз шешіміне қалалықтар дұрыс түсінер деген ойын білдірді.
Ерлан Аймұқашевтің басшылықтан кететіні облыс әкімі Даниал Ахметовпен құпталған. Қазіргі уақытта бұл мәселе Президент әкімшілігінде қаралуда. Қала әкімінің орнына кімнің келетіні әзірге белгісіз. Ерлан Аймұқашевтің қызметтік мендетін қазір орынбасары Арман Ысқақов атқаруда.
Айта кетерлігі, Ерлан Аймұқашев қала басшылығына 2016 жылдың сәуір айында тағайындалған болатын.