«Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысушы үміткерлерге дауыс беру үшін Шығыс Қазақстан облысы бойынша дауыс беру учаскелері өз жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өскемен қаласындағы №3 дауыс беру учаскесінде «Nur Otan» партиясы Өскемен қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Жақсылық Омар дауыс беріп, өз таңдауын жасады.
– Праймериз алғаш рет өткізілгеніне қарамастан қатысушылардың белсенділігін көрдік. Мен онлайн режимде пікірсайыстарды бақылап, олардың сайлау алдындағы бағдарламаларымен таныстым. Барлық кандидаттар жеңіске лайық деп санаймын, - деді Жақсылық Омар.
Учаскелерде дауыс беру 3 қазан сағат 14.00 – ге тоқтатылады. 4 қазан күні сағат 14.00-ге дейін primaries.kz порталы және мобильді қосымша арқылы онлайн-дауыс беру жалғасатын болады.