Облыс орталығының өрт сөндірушілері иіс газынан уланып қала жаздаған егде жастағы әйел адамды құтқарды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт 27 шілде күні таңғы уақытта Сәтпаев даңғылында орын алған. Куәгерлер бес қабатты тұрғын үйдің 2 қабатынан шыққан түтінді байқап қалып, өрт сөндіру қызметкерлеріне дереу қоңырау шалады. Оқиға орнына бірінші болып №3-ші өрт сөндіру бөлімі жетті. Көршілерінің айтуынша, пәтер ішінде 87-жастағы әженің болуы мүмкін еді.
– Біз ас бөлменің терезесі арқылы үйге кірдік. Тілсіз жау дәл осы жерден тұтанған екен. Пәтер ішін толықтай иіс газы шарлап алыпты. Барлау барысында қонақ бөлменің еденінде талып жатқан әйел адамды тауып алдық, – дейді №3 өрт сөндіру бөлім бастығының міндетін атқарушы Тимур Қонтарбаев.
Өрт сөндірушілер әжені лезде далаға алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне жеткізді. Тілсіз жау 40 минут ішінде толықтай заласыздандырылды.