Бүгін облыс орталығының шеткі аймақтары қардан тазартылуда, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
«Жаңа Согра» КМК мәліметінше, 29 қаңтар күні, яғни бүгін қар тазалайтын техникалар Ново-Явленка, Прудхоз және 23-ші шағын аудан мен Аблакет ықшам ауданында жұмыс істеді.
Естеріңізге сала кетейік, 24 қаңтар күні Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар бес күн ішінде қарды толығымен тазалауды тапсырған болатын.
Бұл жұмыстар енді қаланың орталық көшелерінде жалғасын таппақ.