Өскемен қаласының тәртіп сақшылары әрбір ауланы жіті тексермек

368
көрілім

Облыс орталығында «Тұрмыс» жедел алдын алу шаралары бастау алды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


– Қылмыстың пен отбасылық тұрмыс жағдайындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында 7-13 тамыз аралығында «Тұрмыс» жедел алдын алу шаралары жүргізілмек, – деді қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі. – Шара барысында аулаларды анықтап, қолайсыз жанұяларды мекенжайы бойынша аралау сияқты жұмыстар атқарылмақ.
Бұдан басқа, полиция қызметкерлері түнгі уақытта көшеде заңды өкілсіз жүрген кәмелетке толмағандарды анықтап, балалар мен жасөспірімдерге спирттік ішімдік пен темекі сату фактілерін анықтамақ.