Өскемен қаласының тұрғыны үйінде заңсыз түрде көкнәр өсірген

413
көрілім

ШҚО ПД Есірткімен күрес басқармасының қызметкерлері «Көкнәр-2019» шарасы кезінде бұрын да бірнеше рет сотталған қала тұрғынын анықтады. Жасы егде тартқан ер адам үйінің ауласында 126 түп көкнәр өсірген, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


– Сараптама нәтижесі анықтағандай заңсыз өсіріліп, тәркіленген өсімдіктекті зат есірткіге жатады. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Жедел алдын алу шаралары барысында облыс бойынша 170 заңсыз есірткі айналымына қатысты құқықбұзушылық белгілі болды. Оның ішінде 91 заңбұзушылықтың 79-ы есірткі қылмысы. Бұдан басқа есірткі құралдары мен психотроптық заттарды өткізудің 61 фактісі мен құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірудің 12 фактісі әшкереленді. Заңсыз айналымнан 77 килограмм есірткі тартып алынды.