Берілген деректерге сүйенсек, қазір Қылмыстық Кодекстің 287-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
– Ақпанның 12-сі күні 70 жастағы тұрғыннан заңсыз иір ойықты мылтық тәркіленді, – дейді Өскемен Полиция басқармасының баспасөз қызметіндегілер. – Сараптама бекіткендей, табылған мылтық атуға ыңғайлы «ТОЗ-8М» маркалы бірзарядты винтовка болып шықты.
Аталған факті негізінде ҚР Қылмыстық Кодексі 287-бабының 3-тармағы (жарылғыш заттар мен қару ұстау, оларды заңсыз сақтау, иемдену, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Нұрбек АСҚАРОВ
oskemen_kalasynyn_turhynynan_vintovka_te
49