Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Бұл лауазымға осы уақытқа дейін қала әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімін басқарған Альмира Мусинова тағайындалды.
– Альмира Әскерханқызы 2006 жылдан қалалық әкімдіктің жүйесінде қызмет атқарып келеді. Әр жылдары білім бөлімінің жетекші маманы, қала әкімі аппаратының бас маманы, әлеуметтік-саяси ахуалды талдау бөлімінің меңгерушісі, қала әкімінің кеңесшісі болып еңбек еткен, – дейді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.