Өскемен көшелерінде екі күн бойы жүрген елікті көлік қағып кетті

415
көрілім

Екі күн бойы қала тұрғындары жабайы аңды қаланың әр көшелерінен кезіктірген, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

12 желтоқсан күні қаланың қақ ортасында, Космическая көшесіндегі көп қабатты үйлердің ауласында елік жүрігіп жүргенін көрген қала тұрғындары бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желіде тараған болатын.

Кейін Назарбаев даңғылында, ДКМ аялдамасында да жолды кесіп өткен елікті көрген тұрғындар камераға түсіріп алған.

Тұрғындардың айтуынша, елік жаралы болған және қала ішінде адасып кеткен көрінеді.

Кеше түнде қалалық Полиция басқармасының бастығы Даур Ибраев елікті Бульвар Гагарин көшесінде көлік қағып кетіп тірі қалғанын, қазіргі уақытта оған «Зоовита» клиникасында көмек көрсетіліп жатқанын хабарлады. 

- Жанурадың жағдайы тұрақсыз. Көп қан кеткен. Жарақаттары ауыр және бірнеше күн бойы аш жүргендіктен өміріне қауіп төнуі мүмкін, дейді «Зоовита» клиникасының мамандары.

Ал елікті қағып кеткен көліктің жүргізушісі әйел адам болған. Қала тұрғындарының кейбірі оны кінәлі деп айыптауда. Әйел адамның айтуынша, жануар жолға аяқ астынан атып шыққан. Оны көре сала жүргізуші көлік жылдамдығын баяулатып үлгереді. Бірақ тым кеш болған.