Өскемен көшелерінің бірінде автокөлік өртенді

787
көрілім

Облыс орталығындағы М.Горький көшесінде кеше көлік өртенді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «ВАЗ-2113» автокөлігін тұраққа қою кезінде көлік салонының ішкі аумағы 1,5 шаршы метрді құрайтын бөлігі түгелдей дерлік жанып кеткен.

– Өрттің шығу себебі – өрт қауіптілігі жоғары қондырғыны алып жүру барысында техникалық қауіпсіздік шараларын сақтамау, – делінген мәліметте.

Мамандары 2022 жылдың басынан бері облыс аумағында 97 өрт оқиғасы орын алғанын атап өтті.