Өскемен көшелерінің бірінде студентті тонап кетті

495
көрілім

Жас жігіт полицияға хабарласып, оны белгісіз біреу көшеде ұрып, телефонын тартып алғанын айтты, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Оқиға 24 желтоқсан күні шамамен сағат 21.00-де көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған.

- Қала көшелерінің бірінде жәбірленушіні белгісіз біреу ұрып, телефонын тартып алған, - деп хабарлады Өскемен қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі. - Тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсіріп, ол өз кінәсін мойындады.

ҚР Қылмыстық Кодексінің 191-бабы (қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.