Өскемен көшелерінің бірінде табылған бүркіт иесіне қайтарылды

354
көрілім

Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, жыртқыш құстың иесі бүркітті аулаға уақытша қалдырған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

– Полиция қызметкерлері құсты жақын маңдағы учаскелік бөлімге апарды. Бұл уақытта бүркіттің иесі «102» арнасына хабарласып, мән жайды түсіндірді. Осындағы көрмеге әкеліп, құстың жемін әкелемін деп дүкенге кеткенде аулаға уақытша қалдырып кеткендігін жеткізді, – дейді ШҚО Полиция департаментідегілер.

Айта кетейік, желтоқсанның 23-і күні «Дворянин» жануарлар құқығын қорғау қоғамының төрайымы Лариса Прокопьева редакция қызметіне томағасы сыпырылмаған құсты Гагарин бульварында тауып алғандарын айтқан болатын.

– Иесі табылып, құстың томағасы шешілмегені жөн болды. Әйтпесе бірқатар келеңсіздіктер орын алар еді, – дейді Лариса Прокопьева.