Өскемен мектептерінде соңғы қоңырау соғылды

491
көрілім
Фотосурет авторы - Виктор Абакумов

Ауа райының бұлттанып, жаңбыр жаууына байланысты салтанатты жиын білім ордаларының ішінде өтті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Синоптиктердің болжағанындай бүгін облыс орталығында күн суытып, жаңбыр жауды. Осыған орай, Өскемен қаласының оқушылары соңғы қоңырауды мектеп ғимаратының ішінде өткізді.

Айта кету керек, еліміздегі барлық қалалар мен аудандардағы мектеп бітірушілер түлектер кешін 15 маусым күні атап өтпек.