Өскемен мен Қалбатау аралығындағы 70-жылдамдығын шектеу жол белгісінің қашан алынып тасталынатыны белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрбек Тұраровтың айтуынша, бұл жол белгісін алып тастау әлі жоспарда жоқ. Бұған басты себеп - белгі ең алдымен көлік жүргізушілері мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тұр.
- Қазіргі таңда нормативті жылдамдықты жоғарылату мақсатында белгіні алып тастауға құзырлы орган рұқсат етпейді. Оның үстіне жоба әлі толықтай аяқталмаған, - деп түсіндірді Тұраров.
НҰРДӘУЛЕТ ҚАЛИБЕКОВ