Даниал Ахметов Моңғолияның Баян-Өлгей аймағы губернаторы Ғылымхан Айппен кездесті. Қос тарап білім беру, туризм және бизнес салаларында өзара тиімді серіктестік орнату жайында әңгіме қозғады. Моңғолиялық деллегация Өскемен мен Баян-Өлгейді бауырлас қалалар ету ниетімен бөлісті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу шеңберінде Баян-Өлгей аймағының басшысы аймақтарының туристік әлеуеті, онда жыл сайын өтіп тұратын халықаралық бүркітшілер фестивалі туралы сөз қозғап, бұл жарқын іс-шара шығысқазақстандықтардың да қызығушылығын оятуы мүмкін деген ойымен бөлісті.
Сондай-ақ, кездесу барысында Баян-Өлгейдегі көшелердің біріне Өскемен немесе Шығыс Қазақстан атауын беру туралы да ұсыныс білдірілді.
– Бауырлас қалалар болу туралы ұсыныстарыңызды қолдаймын, Өскемен қаласы әкіміне осы бағыттағы жұмыстарды тездеп қолға алуды тапсырамын, — деді Даниал Ахметов.
Кездесу соңында Шығыс Қазақстан облысы мен Баян-Өлгей аймағы арасында серікестік туралы меморандумға қол қойылды.