Өскемен мен Семей арасындағы жолда екі көлік соқтығысып, екі адам мерт болды

308
көрілім
Өскемен мен Семей қалаларының арасындағы тасжолда екі көлік соқтығысып, 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 
 
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 9 қаңтарда «Өскемен-Семей» тасжолының 23-ші шақырымында Саратовка кентінің маңында болған. 
 
«Chevrolet Niva» және «Toyota» маркалы көліктер соқтығысып қалды. Соның салдарынан екі жолаушы сол жерде көз жұмды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда бірнеше адамның өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - делінген ақпаратта. 
 
Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалды.