ШҚО әкімі Даниал Ахметов бұл жұмысты мемлекеттік жекеменшіктік серіктестік арқылы іске асырудың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ШҚО әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстанның негізгі екі қаласындағы жол жүру ережелерін бақылау үшін бейнебақылау жүйесі күшейтілмек. Облыстық әкімдікте өткен жиында жол ережелерінің бұзылуын бақылай алатын бейнебақылау орнату жобасы таныстырылды. Бұл жобаны жүзеге асыру мемлекеттік жекеменшіктік серіктестік аясында іске асыру жоспарланған. Даниал Ахметов қос шаһарға керекті бейнебақылау камераларының нақты санын анықтауды тапсырды.
Естеріңізге сала кетсек, Өскемен қаласының ІІБ осы уақытқа дейін облыс орталығының ішінде 96 бейнебақылау камералары барын мәлім еткен болатын.