Өскемен мен Семей қалаларының тұрғындары мамыр айында сәуірде берілген рұқсаттамалармен жүреді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өскемен, Семей аумағында жұрттың жүріс-қозғалысы тек рұқсат қағазы арқылы жүзеге асуда. Рұқсаттаманың жасыл түсі - жұп күні, ал ақ түсі - айдың тек тақ күндері шығуға мүмкіндік береді.
Сол арқылы тұрғындар аптасына 3 рет сауда нысандарына, дәріханаларға, банктер мен медицина мекемелеріне баруда. Енді олар мамыр айында осыған дейін берілген рұқсаттамалармен жүре алады.
– 25 сәуір мен 3 мамыр аралығында автокөлікке арналған қызыл және жасыл түсті рұқсаттамалар қызыл және көк түске жаңартылуда. Рұқсат қағаздарына беру ruksat.e-vko.kz порталындағы тізім бойынша жүзеге асырылады. Көліктің қызыл түсті рұқсаттамасы шаһардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдардың және ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының қызметкерлеріне беріледі. Ал көк түсі негізгі кәсіпорындарға қызмет көрсететін мекемелерге (қоғамдық және тауарларды жеткізуге арналған көліктер т.б), заңды тұлғаларға арналған, - делінген ШҚО Ақпарат орталығы таратқан мәліметте.