Өскемен мен Семейде қоғамдық көліктер 70 пайызға қысқарды

316
көрілім

Өскемен мен Семей қалаларында қоғамдық көлік 70%-ға қысқарды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Ақпарат орталығының хабарлауынша, өңір бойынша коронавирус инфекциясының таралуына тосқауыл қою мақсатында қоғамдық көліктердің қозғалысы шектелген. Сондай-ақ қазірде барлық бағыттардағы автобус, теміржол және әуе тасымалдары тоқтатылды.

– Өскемен мен Семейдегі қоғамдық көліктер 70% -ға қысқартылған. Өскеменде желіде 88 автобус, 22 шағынавтобус және 9 трамвай жұмыс істейді. Ал Семей қаласы бойынша жалпы саны 69 қоғамдық көлік қатынауда.Санитарлық-эпидемиологиялық шаралар қабылданып, барлық қоғамдық көліктер күніне үш рет дезинфекциялануда, - делінген мәліметте.