Өскемен мен Семейде жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар анықталды

458
көрілім
Шартты фотосурет

Тәртіп сақшылары пәтерлерді жалға беретін ойын-сауық орындарын, монша кешендерін, сауналарды, қонақ үйлерді тексеруде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыс аумағында 22 қарашадан бастап жеңгетайлық пен притон ұйымдастыру фактілерінің жолын кесуге, жезөкшелікпен айналысатын адамдарды анықтауға және оларды орталықтандырылған есепке қоюға бағытталған «Stop-трафик» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Содан бері Өскемен және Семей қалаларындағы монша әкімшілерінің жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұстаудың 3 фактісі анықталды.
- Осыған байланысты қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 309-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қолға түскендер өз кінәларын мойындады, олар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Рейдтік іс-шаралар барысында ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 1-бөлігі (қоғамдық орындарда тиісу) 26 фактісі және ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы (жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар беру) бойынша 2 фактісі анықталып, олардың барлығы бойынша әкімшілік жауапкершілікке көзделген, - делінген мәліметте.
Профилактикалық есепке 7 адам қойылды.
Жедел алдын алу шарасы 1 желтоқсанға дейін жалғасады.