Өскемен политехникалық колледж ғимараты жөндеуден өтті

381
көрілім

Бүгін облыс әкімі Даниал Ахметов Өскемен политехникалық колледжінің оқытушыларымен және студенттерімен кездесті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Кездесу барысында аймақ басшысы білім ордасында атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, қайта жөндеуден өткен аудиторияларды аралап көрді.

– Біздің колледжде күзеттілік орталық ашылды. Қазақстанда сұранысқа ие сегіз жабдықпен кабинеттер қамтамасыз етілді. Енді осы жабдықтар арқылы студенттердің білімін одан әрі дамытуға жұмыс істейміз. Біздің электриктер енді IT-технологияларды пайдаланады. Осы орайда облыс басшысы Даниал Ахметовке колледж атынан алғысымызды білдіреміз,-дейді колледж директоры Исатай Исин.

Колледждің жаңа келбетіне риза болған аймақ басшысы болашақ жас мамандарға шығармашылық табыс тіледі.

– Биыл аталған оқу ордасы өскемен жоғары политехникалық колледжі атанды. Сонымен қоса оқуға «Серпін» бағдарламасы бойынша студенттер қабылдадық. Колледж уақыт озған сайын білім беру жүйесі жағынан да, материалдық жағынан да жаңарып, жақсарып келеді. дәрісберетін оқытушыларымыздың өте тәжірибелі. Тағы бір айта кететіні, биыл студенттер жатақханаларыда жөндеуден өткізілді,-деді оқытушы Айнұр Оңғарбаева.