Өскемен қаласының прокуроры тұрғындардың арыздарын қабылдау үшін қала прокуратурасының арнайы сайтында виртуалды қабылдау бөлмесін ашты. Осыдан бастап Өскемен қаласының прокуратурасына тұрғындар арыздарын YK-PROK.KZ сайтында қалдыр алады.
Облыстық прокуратураның хабарлауынша, осы ресурстың көмегімен облыс орталығының әрбір тұрғыны қала прокуроры Ерсін Шыныбаевқа өздері білгісі келген мәселелер бойынша сұрақ қойып, заң бұзушылықтар туралы хабарлап, құқықтық актілердің нормалары бойынша түсініктеме ала алады. Барлық қойылған сұрақтарға берілген жауаптар осы ресурста жарияланады. Бұдан бөлек, прокурордың электронды адресіне (7231107@prokuror.kz) арыздануға болады. Барлық арыздар ресми түрде тіркеліп, заңмен қарастырылған мерзімдерде қаралады.
Виртуалды қабылдау бөлмесінің ашылуымен қатар, Өскемен қаласының прокуроры тұрғындарды әр аптаның сәрсенбі күні сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін қабылдайды.
Мейрамбек Қосажан