Өскемен саяжайларын маньяк торуылдап жүр – фейк

210
көрілім
Фотосурет: stopfake.kz

Өскемен қаласындағы саяжайларды маньяк торуылдап жүргендігі жайлы жалған ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Әлеуметтік желілерде қала саяжайларын маньяк торуылдап жүргендігі жайлы ақпарат тарап кетті. Онда «Соңғы күндері бірнеше адамның денесі табылды. Олардың барлығы – әйелдер» деп жазылған.

Мұндай ақпараттың тарап кетуіне Өскемендегі саяжайлардың бірінің шетінен 45-50 жас аралығындағы белгісіз әйелдің мәйіті табылғандығы себеп болып отыр. 

-Таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Халыққа бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғандығын ескертеміз. Тек ресми ақпарат көздеріне сеніңіздер, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінен.