Өскемен тұрғындары ХҚКО-ларда қандай қызметтерді жиі алады?

168
көрілім

Жыл басынан бері Өскемендегі халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 150 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы өкілдері хабарлады. Мәлім болғандай, қаладағы ХҚКО-лар арқылы көрсетілетін ең танымал 3 мемлекеттік қызмет атауы белгілі болды. Осылайша:

  • ЭЦҚ алу қызметі ең көп сұранысқа ие болды – 42 036,
  • екінші орында – жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу – 14 399,
  • үшінші орында – жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру - 13 465.

    "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы ШҚО бойынша филиалы директорының орынбасары Азамат Рахимжановтың айтуынша, жыл басынан бері №1 ХҚКО арқылы 25 620 мемлекеттік қызмет көрсетілді, №2 ХҚКО 47 177 мемлекеттік қызмет көрсетсе, ал № 3 ХҚКО арқылы 56 323 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Осыған сүйене отырып, қаланың ең көп баратын ХҚКО-сын анықтауға болады. ХҚКО түрлі бағыттар бойынша қызмет көрсетеді – әлеуметтік қамсыздандыру, жер кадастры, жылжымайтын мүлік. Мемлекеттік қызметтерді  "ХҚКО" мобильдік қосымшасы арқылы да тапсырыс беруге болады.
    Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтер тізілімінде 1327 түрі бар, мемлекеттік корпорация арқылы 1249 қызмет қолжетімді. Мемлекеттік қызметтердің 94% - ы электронды Үкімет порталы арқылы онлайн режимінде де қолжетімді.
– Естеріңізге сала кетейік, тоқсанның соңына дейін кезекші кесте бойынша Қазақстан көшесі, 99/1 мекенжайында орналасқан №2 ХҚКО жұмыс істейді. Ол жұмыс күндері сағат 9:00 – ден 20:00-ге дейін, түскі үзіліссіз, сенбі күндері-9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді. Қалған ХҚКО-лар әдеттегі кесте бойынша жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді, сенбі, жексенбі күндері демалады, – делінген мәліметте.