Түнде тағат таппай жемтік аулайтын жыртқыш құс қазір қаланың әр нүктесіне келіп қоныстанған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жуырда Севастопольская көшесінің тұрғындары көріп қалған.
– Қалада қанша жыл тұрсам да мұндай әдемі құсты алғаш көруім, – деді видеоның авторы.
Мамандардың айтуынша, кадрға іліккен қанатты – ұзын құйрықты ірі жапалақ. Ал қыс кезінде қала іргесіне келуі қалыпты жағдай.
– Қазір бұл құстар үшін қолайсыз кезең: өздеріне ыңғайлы ортадан алшақтап кетті. Содан қорек іздеп кетеді, – деді Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи қорығының ғылым, экологиялық мониторинг жәнее ақпарат бөліміндегілер.
Мамандар айтып кеткендей, қалада кеміргіштер қаптап жүр, ал жауған қар мөлшері әлі қалың емес. Сондықтан үкілер әрі соларды аулап, әрі жемтік іздеп, қалада тұрақтағанды жөн көрген.