Өскемен тұрғындары мен қонақтары онколог мамандарға тегін қарала алады.
Шығыс Қазақстанда онкологияға қарсы онкүндік аясында 5 ақпан күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін облыстық Көпсалалы онкология және хирургия орталығында «Ашық есік» күні өтеді. Шара барысында келушілер орталық дәрігерлеріне тегін қаралып, кеңес ала алады. Ол үшін емхана дәрігерінің жолдамасы қажет емес. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді алып келсеңіз жеткілікті.
Айта кетейік, «Ашық есік» күні Өскемен қаласы Потанин көшесі, 6, 1-корпус (консультативтік-диагностикалық ғимарат) мекенжайында өтеді. Толығырақ ақпаратты 8(7232) 48-91-51, 8 778 003-78-45 нөмірлері арқылы білуге болады.