Өскемен тұрғындарының жалақысы 400 мың теңгеден асады

283
көрілім
Фото сурет автордікі

Ресми ақпаратқа сүйенсек, жергілікті бюджетке түскен түсімдер 57 миллиард теңгені құрады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар орталығындағы өткен жиында қала әкімінің орынбасары Арман Искаков қалалық бюджеттің 32 миллиард теңгені құрағанын айтты. Одан бөлек, өскемендіктердің жалақысына қатысты ақпаратпен бөлісті.


- Тұрғындардың орташа жалақысының мөлшері 15,2 пайызға өскен. Бұл дегеніміз 404,8 мың теңге. Бұған қоса 3515 жұмыс орны құрылып, оның 2450-і тұрақты болып бекітілді, - деді ол.