Өскемен қаласында өзі жұмыс істейтін компанияға тиесілі қаражатты құртып тастаған ер адам ерекше қулыққа барған, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Полицияға хабарласқан 32 жастағы қала тұрғыны сөмкесіндегі 2 200 000 теңгенің ұрланғанын айтып, арыз жазған. Бұл ақша ол жұмыс істейтін компанияға тиесілі екен. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын жүргізген кезде ешқандай ұрлық фактісі анықталмады.
- Ер адам ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын мойындады. Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР ҚК-нің 419-бабымен (Көрiнеу жалған сөз жеткiзу) тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады Өскемен қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі.