Өскемен тұрғыны 79 жастағы кейуанаға көмектесемін деп алдап ақшасын шешіп алған

327
көрілім

Өскемен қаласында зейнеткерді алдап соққан ер адам ұсталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

51 жастағы қала тұрғыны Менделеев көшесінде орналасқан банкоматтың жанында тұрған қар кісіні көріп қалған. Ақша шешіп алуға көмектесетіндігін айтқан ол зейнеткерді алдап жіберіп, оның банк картасын алып қалады да кейіннен 70 мың теңгесін иемденіп кеткен.

- Тәртіп сақшылары жедел іздестіру шаралары барысында күдіктіні қолға түсірді. Ер адам өз кінәсін мойындап отыр. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.