«Қарасора-2022» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ірі көлемдегі есірткі сақтады деген күдікпен облыс орталығының 44 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі
Тінту барысында жасыл түсті өсімдік тектес заты бар картон қорап пен газетке салынған 2 қалташа, 4 полимерлі түйіншек, одан бөлек салмағы 7500 грамм болатын 39 түп қарасора табылды.
Жүргізілген сараптама қорытындысына сәйкес ер адамнан табылған зат - 700 грамнан астам кептірілген марихуана, 2 грамнан астам гашиш болып шықты.
Ұсталған адамға тергеу амалын жүргізу үшін келуге міндетті мәжбүрлеу шарасы қарастырылды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабы, 1-бөлігіне (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) және ҚР ҚК-нің 296-бабы, 3-бөлігіне сәйкес (Есірткі, психотроптық заттармен заңсыз жұмыс істеу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды