Өскемен тұрғыны банк картасын тауып алып, жарты миллион теңгеге жуық сауда жасаған

399
көрілім
Фото: sknews.kz сайтынан

Күдікті бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

36 жастағы қала тұрғыны полицияға барып, банк картасын жоғалтып алғанына арызданған. Аздан соң телефонға біреудің картамен төлем жасағаны жайлы хабарламалар келе бастады. Келтірілген шығын – 428 368 теңге.
- Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер күдікті әйелді анықтады. Бұл 44 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.