Өскемен тұрғыны бұрынғы әйелінің көлігін айдап кеткен

479
көрілім

Өскемен қаласында 45 жастағы ер адам бұрынғы әйелінің көлігін айдап кеткен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.  

2 наурыз күні полицияға хабарласқан қала тұрғыны белгісіз біреудің «Toyota Camry» маркалы көлігін айдап кеткенін айтқан.

- Жедел іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары көп ұзамай көлікті тапты. Анықталғандай, темір тұлпарды арыз түсірушінің бұрынғы күйеуі айдап кеткен. Оның жүргізуші куәлігі де жоқ болып шықты. Ер адам өз кінәсін мойындап отыр, - деп хабарлады қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабымен тергеу амалдары жүргізілуде.