Ер адам ҚР Қылмыстық Кодексінің 131-бабы (қорлау, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде қорлау) бойынша кінәлі деп танылды.
Соттың мәліметіне сүйенсек, Ф. есімді азамат WhatsApp мессенджері және SMS арқылы бұрынғы әйелін қорлайтын хабарламалар жіберген.
Ер адамның кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен, ұялы телефонның скриншоттарымен, сарапшының қорытындысымен расталды. Жіберген хабарламаларда сотталушы әдепсіз түрде айтылған және жәбірленушінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын сөздер бар, - деп хабарлады сот өкілдері.
Қала тұрғыны кінәлі деп танылып, оған 25 АЕК немесе 76 575 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ сотталушыдан жәбірленушінің пайдасына 100 000 теңге сомасында моральдық залал өндірілді.
Лаула КИМАДИЕВА