Өскемен тұрғыны әкесінің атына жасырын түрде несие рәсімдеген

179
көрілім
Фото сурет ашық дереккөзден

Қала тұрғыны атына біреудің несие рәсімдегенін айтып полицияға арызданған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Банк қызметкерлерінің айтуынша, қарыз сомасы шамамен 800 000 теңгені құрап отыр. Осы іске қатысы бар деп арызданушының қызы күдікке ілікті.


- Тергеу барысында күдікті қыз несие жабу үшін әкесінің телефон нөмірін алған. Кейін белгілі болғандай, әкесінің атынан жасырын түрде несие рәсімдеген, - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.


Қазір алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.