Өскемен тұрғыны көлік жөндеп беремін деген сылтаумен 700 мың теңге иемденген

345
көрілім
Шартты сурет

Ұсталған адам жауап алу кезінде өз кінәсін мойындады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Маусым айының соңында Өскемен қалалық полиция басқармасының «102» жедел арнасына Глубокое ауданының 62 жастағы тұрғыны арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, сәуір айында облыс орталығындағы техникалық қызмет көрсету станцияларының бірінде бейтаныс ер адам ВАЗ автокөлігін жөндеп беремін деген сылтаумен 700 000 теңгеден астам ақшасын иемденіп кеткен.
– Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде тәртіп сақшылары алаяқтық жасады деген күдікпен қаланың 49 жастағы тұрғынын анықтап, қолға түсірді. Жауап алу кезінде ұсталған ер адам кінәсін мойындады, – деді ШҚО ПД баспасөз қызметіндегілер.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190 - бабы 1-бөлігіне сәйкес (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.