Қаңтар айының соңында Өскемен қалалық Полиция басқармасы Ертіс полиция бөлімшесінің «102» жедел арнасына қала тұрғындарының бірі есірткі заттарын тұтынып, сақтаумен айналысатыны туралы ақпарат келіп түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Үйдің ауласын жіті қарау барысында тәртіп сақшылары 36 жастағы ер адамды құрықтады. Оның Honda маркалы автокөлігін тінту кезінде спецификалық иісі бар, қоңыр-жасыл түсті, өсімдік тектес 2 полимер түйіншегі табылды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Бұдан бөлек, полиция қызметкерлері күдіктінің пәтерінен кәмпит қорабына салынған спецификалық иісі бар, қоңыр-жасыл түсті өсімдік тектес зат тапқан. Маман қорытындысына сәйкес күдіктінің көлігі мен пәтерінен алынған салмағы 182,25 грамдық зат кептірілген марихуана, яғни есірткі болып шықты.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.