Өскемен тұрғыны өзін жәбірленуші ретінде көрсетіп, 13 миллион теңгеге жуық ақша иемденген

377
көрілім
Шартты фотосурет

Мамыр айының 23-і күні қылмыстық істі тергеу барысында 30 жастағы тұрғынның алаяқтық жасау фактісі анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Анықталғандай, ол 2020 жылдың мамырынан 2021 жылдың қарашасына дейін пәтерлерді рәсімдеуге көмектесемін деген сылтауымен таныстарынан ақша алған. Зардап шеккендер 25-50 жас аралығындағы қаланың алты тұрғыны болып шықты. Алаяқ олардан шамамен 13 000 000 теңге алған.

– Күдікті өзін жәбірленуші ретінде көрсетуге тырысып, полицияға жүгінген. Өтініш берушінің айтуынша, «Жанна» есімді бейтаныс қыз үйді рәсімдеуге көмек көрсету сылтауымен оның 12 800 000 теңге сомасындағы ақша иемденген. Тергеу нәтижесінде әйелдің сөздері жоққа шығарылды, өйткені «Жанна» есімді қыздың мүлдем жоқ екені белгілі болды. Бұл әдісті алаяқтықты сәтті аяқтау үшін ойлап тапқан, – делінген ШҚО ПД баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігіне сәйкес (Алаяқтық және ҚР ҚК-нің 419-бабы 2-бөлігі-көрінеу жалған сөз жеткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.