Өскемен тұрғыны пышақпен қорқытып ер адамның ұялы телефонын тартып алған

478
көрілім
Шартты фотосурет

Қаңтар айының соңында Өскемен қалалық Полиция басқармасы Ертіс полиция бөлімшесінің «102» жедел арнасына ер адам белгісіз біреудің ұялы телефонын тартып алғанын айтып жүгінген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Анықталғандай, бұл оқиға ұялы телефондар сататын дүңгіршікте болған.

– Белгісіз біреу пышаққа ұқсас затпен 35 жастағы тұрғынды қорқытып, ұялы телефонын ашық түрде тартып алған. Шығын шамамен 25 000 теңгені құрады, – делінген мәліметте.

ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев сотқа дейінгі тергеу барысында полиция қызметкерлері бейнебақылау камерасының көмегімен 32 жастағы қала тұрғынын анықтап, жеткізгенін және одан заттай айғақтар алынғанын хабарлады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.