Өскемен тұрғыны тыйым салынған жерде шомылған

224
көрілім
Фотосурет ашық дереккөзден

Құтқару қызметіне Өскемендегі Үлбі өзенінде суға түсіп жүрген адам туралы қоңырау түсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, 1958 жылы туған ер адам тыйым салынған жерде жүзіп жүрген. Құтқарушылар мен дәрігерлердің көмегіне жүгінбеді. 

Дегенмен, "Су айдынындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау" ҚР ӘҚБтК  412-бабын бұзғаны үшін қалалық ТЖ басқармасының қызметкерлері суда демалушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырды. 

Бұл судағы қауіпсіздік ережелерін бұзудың бірінші жағдайы емес. Олыста осы бап бойынша 15 адамға хаттама толтырылып, бұзушылықтар анықталды.