Азамат бағалы металдарды заңсыз өндіргені үшін сотталды.
23 қаңтар күні Ұлан аудандық сотында Өскемен тұрғынына қатысты Қылмыстық кодекстің 295-1-бабының 1-бөлігіне сәйкес (бағалы заттарды заңсыз өндіру, алу, өткізу, сақтау, тасымалдау, жөнелту) іс қаралды.
2022 жылдың 3 қыркүйегінде Ұлан ауданы, Бозанбай ауылына қарасты “Алтынбастау” учаскесінде ешқандай құжатсыз металл іздегішпен бағалы металдарды іздеу жұмыстарын жүргізген. Сот шешімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, оған 40 АЕК көлемінде, яғни 122 520 теңге айыппұл салынды. Іс апелляциялық сотқа жіберілді.
Анель АБЗАЛБЕКОВА