Өскемен тұрғыны зейнеткерлерді алдап, 240 мың теңгеге несие рәсімдеген

448
көрілім
Шартты фотосурет

Желтоқсан айының соңында Өскемен қалалық Полиция басқармасы Үлбі ПБ кезекші бөліміне алаяққа алданған екі зейнеткер жүгінген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жәбірленушілердің айтуларынша, жаз айында жергілікті тұрғын көмектесемін деп алдап,  шағын несие ұйымдарынан ақшалай қарыз ресімдеген.

- Келтірілген залалдың жалпы сомасы 240 000 теңгені құрады. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол 70 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Жауап алу барысында күдікті кінәсін мойындады, - делінген мәліметте.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190 - бабы 1-бөлігіне (алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.