Тергеушілердің айтуынша, алаяқ несиеге берілген тауарды сатып ақшаны жымқырған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, Өскемен қаласының 23 жастағы іскер тұрғыны таныстарына несие рәсімдеп, қаражатын төлеуге уәде беріп, техникалық жабдықтар мен гаджеттерді алып кеткен. Содан соң ол несиеге алынған тауарларды саудаға салған. Алғашында ол несиелерді шынымен өтегенімен, кейін барлық алданаған тұрғындарға несиенің төленбегендігі жайында қоңыраулар түсе бастайды.
Тергеу ер адамның осыған ұқсас 28 алаяқтыққа қатысы барын анықтады. Келтірілген шығынның мөлшерленген сомасы шамамен 22 миллион теңгені құрайды.
Қылмыстық кодекстің 190-бабының 1-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.