Наурыз айының басында Өскемен қалалық Полиция басқармасына «102» жедел арнасына 27 жастағы ер адам жарты миллион теңгесі шығындалғанына шағымданған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департаментіндегілердің айтуынша, 2020 жылдың басында аса жақын емес жігіт қала аумағында орналасқан сауда үйлерінің бірінде танысын жұмысқа орналастырамын деген желеумен 500000 теңгесін иемденіп кеткен.
– Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 28 жастағы қала тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Жауап алу кезінде күдікті өз кінәсін мойындады, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.